Профессиональная информация
60-тан аса ғылыми еңбектің авторы, оның ішінде өнертабысқа 3 патент берілген. РФ патенті бар. Әртүрлі офтальпатология түрлерімен ауыратын науқастарды қарау және емдеу әдістерін біледі.
Main activities
-
Нейроофтальмология.
Глаукомаларды диагностикалау және емдеу.
Тамырлы офтальмопатологияны диагностикалау және емдеу: визометрия, автокераторефрактометрия, тонометрия, офтальмоскопия, көзілдірік таңдау, автопериметрия, биомикромикроскопия, гониоскопия, бөгде денені алып тастау, көз жасы жолдарын сүңгілеу, халязион, теріскен абсцестерін ашу операциялары, қабақтағы жаңа өспелер және конъюнктивтерді алып тастау операциялары, 1,2 дәрежелі пингвекула және птеригиумды алып тастау операциясы, 3,4 дәрежелі қайталанбалы птеригиумды алып тастау операциясы, тігістерді алу.
Емдеу барысында көздің сілемейлі қабығының астына, парабульбарлық және ретробульбарлық инъекциялар жасау, қабаққа массаж жасау, көз жасы ағатын жолдарды шаю, көздің сілемейлі қабығынан және көздің қасаң қабығынан бөгде денені алып тастау жүргізіледі.
Сонымен қатар алыстан көре алмау, аккомодация дисфункциясы кезінде цилиарлы бұлшық ет жұмысын тұрақтандыру үшін қалпына келтіру терапиясы - Аветисов – Мац бойынша гимнастика жүргізіледі.